15.11.2024 күні балабақшамызда “БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ” шеңберінде “Әжелер сөзі-тәрбие көзі” әжелер мектебінің “Қазақ әжелері-дәстүр жолы” тақырыбында іс-шара өтті. Аталған іс-шараға әжелер мектебінің мүшелері қатысты. Музыка жетекшісі Гюльнара Рсимбетовнаның ұйымдастыруымен іс-шараға әжелер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбиешілер Әжелерімізді құрметтеп, “шәй құю” өнерімен іс-шара шымылдырығын ашты. Рауза әжеміз “түймені дұрыс қадау” бойынша тәрбиешілерге өз шеберлігімен бөлісті. Балқия әжеміз “құрақ құрау” өнерінің маңыздылығын атап, қазақ халқының өрнектерімен таныстырды. Мәдениет әжеміз тәрбиешілерге бала денсаулығына байланысты ақыл-кеңестерімен бөлісті. Кульжан әжеміз “шашбау тағу” дәстүрін көрсетіп, Тыныштық әжеміз шашумен іс-шараның көркін қыздырды. Шарбану әжемізден бата алып, әжелеріміздің әсем әнімен іс-шарамызды қорытындыладық.
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq









