Skip to content

18-ші наурыз күні «Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында» қалалық семинар…

18-ші наурыз күні «Кемел Ақышев атындағы №69 мектеп-гимназиясында» қалалық семинар өтті. Семинарға «Бәйтерек» тобының балаларымен топ тәрбиешісі Кизатова З.А. 4-сынып мұғалімі Серикова Б.Т. «Сандар әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет көрсетті. Қалалық семинар қатысушылар ұйымдастырылған іс-әрекетке жоғары баға беріп, балалардың мектепке толық дайын екендігін айтып, балалармен топ тәрбиешісіне, мұғалімге жылы лебіздерін білдірді. Балалар сыныппен танысып өздерін еркін ұстады. Бастауыш сынып мұғалімін алғаш рет көрсе де, тез үйренісіп кетті. Балаларға мектепте ұйымдастырылған іс-әрекет ұнады, балалар өз ойларымен бөлісті. Семинарға мектептер мен балабақшалардан педагогтер қатысты.
#мектеппенсабақтастық #мектеппенсабақтастықжұмыстары

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *