2025 жылдың 24-ші сәуір күні Астана қаласы әкімдігінің №91 «Еңлік» балабақшасында «Абай аманаты – тәрбие мен білімнің алтын өзегі: балабақшада Абай мұрасын сабақтастыру» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды.
Семинар бағдарламасына сәйкес қонақтарды күтіп, тіркеу өткізілді, бағдарламалар ұсынылды. Киіз үйде Семей қаласынан Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық музей-қорығының көрмесі ұйымдастырылды. Көрме жетекшісі Булаткеров Мейрам Берікқанұлы жылжымалы көрмені таныстырды.
Балабақша алаңында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі» және «Аналар мектептерінің» жұмыстарына экскурсия жасалды.
«Аналар мектебі» Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнімен қонақтарды балабақшаның орталығынан қарсы алды.
«Ұлттық ойындар» көрмесін №91«Еңлік» балабақшасының инновация әдіскері Ахметова Салима Танаткановна жүргізді.
Балабақшаға толық экскурцияны әдіскер Ізбасты Анар Абайқызы жүргізілді. Атап айтқанда, құм терапиясы, тұзды шахта, робототехника, кинозал, интеллектум және «Абайтану» кабинеттерімен таныстыру жұмыстары болды.
@oqu_agartu_ministrligi
@gani.beisembayev
@akimat__astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@astana_adistemelik_ortalyq
@d_syndar
@elorda.balabaksha_qauymdastygy
#семинар #абай #абайаманаты #біртұтастәрбие