Тіліміз дүние жүзіндегі ең сөздік қоры бай, бейнелі де бедерлі, көркем де кестелі тілдердің бірі екені бәріңе де аян. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас», — деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз.
«Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім».
Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасы Парламенті «Тіл туралы» заң қабылданды. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Ол талай тарих сырынан өтті.
#тілдеркүні
