“Өнер көзі халықта” тақырыбына сәйкес ұйымдастырылған шығармашылық іс-әрекет.
Ересек “Балауса” тобы.
Тақырыбы: торсық (қошқар мүйіз оюы).
Мақсаты: түстерді ажырата білуді, заттарды көлеміне қарай салыстыруды үйретуді жалғастыру, ұлттық ыдыс – торсыққа деген қызығушылықтарын ояту. Торсық – сусын құятын ыдыс. Сусын дегеніміз – сүт, айран, қымыз, шұбат.
Бұрын торсықты ешкінің терісінен жасаған екен. Торсыққа құйылған сусындар жаздың ыстығында да салқын болып тұрады екен.
