Skip to content

11.03.2024 күні №91 «Еңлік» балабақшасында Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен…

11.03.2024 күні №91 «Еңлік» балабақшасында Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын түсіндіру жұмысы ұйымдастырылып, балабақша педагогтері қатысты.
Педагогтарға балабақшаның меңгерушісі Н.Б.Сарсенова аттестаттауды өткізу тәртібі мен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, педагогтердің білімін бағалау, сонымен қатар педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы туралы кеңінен түсіндіру жұмысын жүргізді.
Педагогтерге ережені бұзған жағдайда аттесттаттауға қатысуға тыйым салу мерзімі 5 жылдан 1 жылға дейін азайтылғаны, сонымен қатар уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін; декреттік демалыстан шыққан тұлғалар үшін санаттың қолданыс мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартылғаны, педагогтердің білімін бағалау тестінің барлық санаттар үшін бағаланатыны, тек педагог шебер біліктілігін растау кезінде және отыз жылдан астам педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдағы педагогтер ПББ тапсырудан босатылатыны туралы жаңалықтар ұнады.
Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы туралы сұрақтар қойып, жауап берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *