Құм терапиясының негізгі мақсаты – баланың ішкі сезім бағыттарының өздігімен іске асуы.
Осы мақсатта құм терапиясы балаға:
– МЕН концепциясын дамытуға;
– өз-өзін түсіну қабілетін қалыптастыруға;
– өз іс – әрекеттері мен жасағандарына жауапты болуға;
– өз өзіне сенуге;
– сезімдерін басқаруға;
– Өзіне деген сенімін арттырып, өз құндылығын түсінуге септігін тигізеді.
Құм терапиясында ереже болмайды. Ереже жоқ жерде “Бұлай жасама!” деген шектеу де жоқ.
❌ Шектеу, қысым көрсетілмесе бала бар шындығын жайып салады.
Құм терапиясы – бала жанының айнасы. Әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға нағыз керек терапия түрі. Ол жаста балада:
🗣️Сөйлеу аппараттары;
🫂 Ішкі сырымен бөлісу
🗣️Ойын, ішкі қорқынышын
жеткізе алу қабілеті толық жетілмеген 🙅ішкі күй эмоциясын, толқыныс-уайымын, тек шығармашылық арқылы сыртқа шығарады 🎨
Бейнелеу арқылы ол БЕЙСАНАЛЫ ТҮРДЕ бар шындығын айтады. Салған суреттеріне қарап – ақ, оның қандай қорқыныш уайымы барын маман анықтап береді. Анықтап қана қоймай, сол кризистік ситуациядан ақырындап шығарады.
#құмтерапиясыныңпайдасы #құмтерапиясыбалабақша #балабақша