«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ» МАҚСАТЫ:
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
МІНДЕТТЕРІ:
1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу. 2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен Ұсыным әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
27 тамыз күні №91 "Еңлік" балабақшаның ұжымы біртұтас тәрбие бағдарламасының өзгерістерімен туралы танысып, талқылады.
#Біртұтас_тәрбие_Астана #Біртұтастәрбие @bilimastana @astana_adistemelik_ortalyq


