Балабақшаның жарғысы: Астана қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 4 ақпанында №107-211 қаулысына сәйкес Астана қаласы Нұра ауданының Әділет басқармасында № 1064-1901-02-МК тіркелді.
Техникалық паспорт: Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы РМҚК 25.12.2015 жылы берілді.
«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, балабақшаның жарғысына сәйкес, 17.05.2013 ж. № 499 «Мектепке дейінгі білім берудің типтік Ережесі» және оның тиімді қызметі мен дамуына қажетті жағдайлар жасауға бағытталған.
Басқарудың коллегиялық мүшелері педагогикалық кеңес және ата-аналар комитеті болып табылады.
Еңбек қатынасы ұжымдық келісім-шартқа сәйкес жүзеге асады.
Балаларды мекемеге қабылдау тәртібі: 2 жастан бастап — 6 жасқа дейін.
Мекеменің жұмыс уақыты: аптасына 5 күндік жұмыс, педагог қызметкерлер аптасына 24 сағат, шаруашылық жұмыскерлеріне аптасына 40 сағат.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы 10-30 минут.
Топтарда оқу қызметінің басталуы – 09.00.
Мектепке дейінгі мекеме Жарғы бекітілген негізінде жұмыс атқарады. Қазіргі таңда балабақшада 12 топ қызмет жасайды, барлығы қазақ топтар.
Меңгеруші: Сарсенова Несібелі Бақтыгерейқызы
Ғимарат екі қабаттан тұрады. Балабақшада баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, толыққанды дене бітімін дамыту, салауатты өмір салты құндылығын қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Топтары таза, кең, жарық, ойыншықтары мол. Барлық топтарда пәндік — дамытушы орта көп функционалды, вариативті, қарқынды, балалардың жастарына сай дамуының ерекшелігін және мектепке дейінгі балалардың іс-әрекеттерінің ауысып отыратындығын есепке алып құрылған. Жоғары дәрежедегі медициналық кабинет қызмет көрсетеді: егу, емделу бөлмелері. Екінші қабатта арнайы ұйымдастырылған баланың дене бітімі мен дамуын қалыптастыру үшін дене тәрбие мен музыка залы қызмет көрсетеді. Әр топтың өз серуендейтін алаңы (участкісі) бар, мұнда әрбір жастың ерекшелігіне сәйкес ойын құрал-жабдықтарымен қамтамыз етілген. Арнайы ойын-сауық өткізу үшін, жазғы уақыт аралығында балалармен қимыл-қозғалыс ойындары мен дене жаттығуларын ұйымдастыруды көздейтін спорттық алаңы бар.
Оқу жылында балабақша оқу – тәрбие іс-әрекетін мемлекеттік құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып барлық топтар «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» арқылы жүзеге асырады. Балабақша мекемесінде: әдіскер, психолог, логопед, музыка жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары, орыс тілі, дәрігер, диетмейірбике және т.б. қызметкерлер жұмыс жасап, өздеріне тиесілі қызмет түрлерін көрсетеді. Балабақшада бала жасына сай жеке арнайы жабдықталған ойын бөлмесі, ұйықтайтын бөлмесі, қабылдау бөлмесі, дәрігерлік қарау, оқшаулану бөлмесі, асхана, кір жуу бөлмесі, қойма бөлмелері бар. Балалар 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген және бір мезгіл дәруменді жемістер мен шырындар беріледі.
№91 «Еңлік» балабақшасы мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорның негізгі бағыты: мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың дене шынықтыру, интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттерін дамыту.