Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіргізуге болады. Яғни, балапандарымыз тек құмның көмегімен берілген тапсырманы орындап қана қоймай, ең бастысы ұсақ және ірі қол маторикасын дамытады. Ойлау, қиял, зейін, есту факторы жұмыс атқара отырып дами түседі. Баланың құммен ойнаудағы тағы бір пайдасы – бала өзі туралы айтудың, эмоциялық күйзелісін құм арқылы көрсете біледі, ішкі дүниесін сыртқа шығара алады.
#құмтерапиясы
