Skip to content

Мектепалды топ балалары арасында бестемше ұлттық ойынынан “Дарабоз” жарысы ұйымдастырылды.…

Мектепалды топ балалары арасында бестемше ұлттық ойынынан “Дарабоз” жарысы ұйымдастырылды. Балалар белсенді түрде ойынға қатысты.
Бестемше ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 10 отау, 50 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, бес отау және 25 құмалақтан тиесілі. Құмалақтар әр отауға бес-бестен салынады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.
«Бестемше» ойыны баланың жетілуіне, ой-санасының дамуына қосар үлесі
бар. Тілге тиек етілген «бестемше» ойынының баланың дамуы үшін пайдасы зор.
Ол бастың миын ширатып, дамытып қана қоймай, ептілікке, қырағылыққа, тез
шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйретеді. Сонымен қатар көздің көруін
жақсартып, көз жанарын жетілдіреді. Ойын адамды тыныштандырып,
сабырлылыққа үйрететін қасиетке ие.
#біртұтастәрбие #бестемшеұлттықойыны

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *