Мемлекет басшысы Қазақстан халқына бес бағдардан құралған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ, БІРТҰТАС ҰЛТ,БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын жолдады. Президент өз Жолдауында Отандастарына «Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз».
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын, қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерді айтып өтті. Ұлтымыздың зияткерлік қуатының негізі ұстаздар қауымы екеніне тоқталды.
Мемлекет басшысының бастамаларын толықтай қолдай отырып, білім саласындағы реформаларды жүзеге асыру үшін заман талабына сай жаңашылдықтарды енгізіп, оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.
Білім беру жүйесінде әділеттілікті қамтамасыз ету арқылы, біз өскелең ұрпаққа тең мүмкіндіктер беруге, олардың әлеуетін толық ашуға күш саламыз.
Мемлекет басшысының ұстаздарға әрқашан қолдау білдіріп отырған сындарлы саясатын қолдаймыз.
⚡️Президент:
«Бұдан бөлек, мектептердің жұмысын жақсарту шараларын қолға алған жөн. Мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге көңіл бөлген абзал.
Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет.
Баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек. Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз»
t.me/aqorda_resmi

