Skip to content

“Өнер көзі халықта” тақырыбына ұйымдастырылған ұлттық ойын. Мектепалды “Балдәурен” тобы…

“Өнер көзі халықта” тақырыбына ұйымдастырылған ұлттық ойын.
Мектепалды “Балдәурен” тобы
“Бестемше” ұлттық ойыны.
Бестемше ойыны — әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл ойынның басты қасиеті — жеке тұлғаның сана-сезімін жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын халқымыз, жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген.
Бестемше ойынының маңызы:
— Ойлау жүйесін дамыту;
— Дербестікке үйрету;
— Назарды шоғырландыру;
— Уақытты тиімді падйлану;
— Жоспарлау және бас тартуды үйрету;
— Жадыны жақсарту және есте сақтау қабілетін дамыту;
— Қол моторикасының дамуы;
— Жан-жақты қалыптасу.
Бестемшенің басты маңызы — ойлау жүйесін дамытады
Бестемше ойыны — математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу, қиялдау — оның негізгі өзегі.
#бестемшеұлттықойыны

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *