Skip to content

Ортаңғы “Балбұлақ” тобы “Мен және қоршаған орта” апталығына байланысты “Кемпірқосақ”…

Ортаңғы “Балбұлақ” тобы
“Мен және қоршаған орта” апталығына байланысты “Кемпірқосақ” тыныс алу жаттығуларын орындады.
Тыныс алу – адам тәнінің аса маңызды қызметтерінің бірі болып табылады. Тыныс алу жаттығуының балалар денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Себебі, дұрыс тыныс ала отырып баланың сөйлеу тілі де кезегімен қалыптасады. Көбінесе тыныс алу жаттығуы дизартрия, кекештену және басқа да сөйлеу ауытқуларынан зардап шегетін балаларға көп көмегін тигізеді. Кешенді тыныс алу жаттығулары әдеттегідей күнделікті ҰІӘ кезінде және қосымша уақыттарда бірнеше рет өткізіледі. Алдымен жаттығу үлкендер көмегімен орындалса, кейіннен өз бетімен орындалады. Жүргізуші ретінде, бала ретінде балалар кезектесіп өткізеді. Орындалу уақыты – 5 мин. Алғашында жеңіл түрінен басталып, күрделі түріне ауысады.
#менжәнеқоршаған
#тынысалужаттығулары

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *