Перейти к содержимому

«№ 91 «Еңлік»

Добро пожаловать на наш сайт!

Құрметті ата-аналар, қадірлі әріптестер және сүйікті бүлдіршіндер!

N91 «Еңлік» балабақшасының ресми сайтына қош келдіңіздер!
Біздің басты мақсатымыз – балалардың дені сау, жан-жақты дамыған, ізденімпаз және елжанды тұлға болып өсуіне қолайлы жағдай жасау.

Балабақша ұжымы – өз ісін сүйетін, баланың әлемін терең түсінетін, шығармашылықпен жұмыс істейтін білікті мамандардан құралған. Біз әр баланың қабілетін ашуға, оны мейірім мен сүйіспеншілікке баулуға тырысамыз.

Біздің сайт арқылы балабақша өмірімен танысып, жаңалықтар мен пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Ашықтық пен өзара ынтымақтастық – біздің басты қағидатымыз.

Бала – біздің болашағымыз. Сондықтан әр баланың балалық шағы қуанышқа, шаттыққа және махаббатқа толы болсын!

Мөлдір Шынболат Тасболатқызы

НОВОСТИ

подробнее

Instagram post

подробнее

Наши кружки

подробнее

Тұзды шахта

Робототехника

Логопункт

Зерттеу